$ 491.88  585.83  6.36
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алдағы 3 күн: Астанада боран мен қатты аяз, Алматыда жауын-шашын күтіледі

Елордада боран мен -27°С-қа дейін суық күтілсе, Алматыда жаңбыр аралас қар жауады

Алдағы 3 күн: Астанада боран мен қатты аяз, Алматыда жауын-шашын күтіледі
Фото: pixabay.com

Синоптиктер 11–13 ақпан аралығында Астана мен Алматы қалаларында ауа райы айтарлықтай құбылмалы болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Астанада 11 ақпанда құбылмалы бұлтты күн райы сақталып, түнгі және таңғы уақытта қар жауып, боран күшейеді. Көктайғақ пен тұман да күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с болып, екпіні кей сәттерде 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы тәулігі бойы -13…-15°С шамасында болады.

12 ақпанда жауын-шашынсыз, ашықтау күн райы болжанғанымен, суық күшейеді: түнде -23…-25°С, күндіз -17…-19°С. Желдің бағыты мен жылдамдығы айтарлықтай өзгермейді, 5–10 м/с шамасында сақталады.

13 ақпанда да жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы жалғасады. Оңтүстік-шығыс желі 2–7 м/с. Түнде температура -25…-27°С-қа дейін төмендеп, күндіз -13…-15°С деңгейінде болады.

Ал Алматыда 11 ақпанда күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Кешкі уақытта әлсіз тұман түсуі ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 3–8 м/с. Түнде ауа температурасы 0…+2°С, күндіз +8…+10°С-қа дейін көтеріледі.

12 және 13 ақпанда қалада құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, мезгіл-мезгіл жауын-шашын, тұман және жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-батыс желі 3–8 м/с. Түнде -3…-5°С, күндіз 0…+2°С шамасында болады.