Жол инспекторына пара ұсынған азаматқа мемлекеттік қызметке өмір бойына тыйым салынды
Қызыл жарықта өткен жүргізуші инспекторға 10 мың теңге ұсынған
Қостанайда жол инспекторына пара ұсынған жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс материалдарына сәйкес, жүргізуші жол қозғалысы ережесін бұзып, қызыл бағдаршамға қарамай қиылыстан өткен. Оны тоқтатқан патрульдік полиция қызметкеріне жүргізуші патруль көлігінің ішінде бірнеше рет 10 мың теңге көлемінде пара ұсынған.
Инспектор пара алудан бас тартып, болған жағдайды құқық қорғау органдарына хабарлаған. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, іс сотқа жолданды.
Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы пара беруге талпынғаны үшін жүргізушіні 1 жыл 10 ай 15 күнге бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Алайда сот айыпталушының кінәсін мойындап, өкініш білдіргенін ескеріп, оған 112,5 мың теңге көлемінде айыппұл салу туралы шешім шығарды.