06.02.2026, 15:31
Жаңалықтар
Жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты: екі қазақстандық финалға шықты
Финал 8 ақпан күні өтеді
Фото: Olympic.kz
Қытайдың Тяньцзинь қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде екі отандасымыз финалға шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Турнир аясында 800 метр қашықтықта жартылай финалдық жарыстар өтті. Оның қорытындысы бойынша құрлықтық біріншіліктің финалына қазақстандық екі спортшы жолдама алды.
Жартылай финалда Ақбаян Нұрмәмет екінші болып мәреге жетіп, іріктеу кезеңінен сәтті өтті. Ал Екатерина Колода мәреге төртінші болып жетіп, уақыт көрсеткіші бойынша шешуші кезеңге жолдама алды.
Финал 8 ақпанда өтеді.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды