Нұрлан Сабыров жарты ғасыр Ресейге бара алмайды: себебі белгілі болды
Ресейлік ақпарат агенттіктері себебін атады
Ресейге кіруге тыйым салынған қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабыров осыған дейін ықтимал санкциялардан қорқып, Ресей азаматтығынан саналы түрде бас тартқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«РИА Новости» агенттігінің мәліметінше, әртістің Ресей азаматтығын алу мүмкіндігі болғанын, бірақ коммерциялық себептермен одан бас тартқанын хабарлайды.
«Нұрлан Сабыров коммерциялық тәуекелдерді алға тартып, санкциялардан қорқып, Ресей азаматтығынан бас тартты», – деді агенттіктің дереккөзі.
ТАСС дереккөзіне сәйкес, Сабыров – Қазақстан азаматы. Дегенмен, оның шығармашылық және кәсіби қызметінің басым бөлігі Ресеймен байланысты болды және оның аумағында өтті.
Айта кетейік, осыған дейін құқық қорғау органдары әзілкештің Ресейге кіруіне 50 жыл бойы тыйым салынғанын растаған болатын. Сабыровтың өзі әлі жағдайға түсініктеме берген жоқ.