$ 494.63  583.22  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде көлік қағып кеткен әйел адам айыппұл арқалады

Ол белгіленбеген жерден өткен

Семейде көлік қағып кеткен әйел адам айыппұл арқалады
Фото: Polisia.kz

Семей қаласының полиция департаменті жол-көлік оқиғасына ұшыраған әйелге жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомство деректері бойынша, оқиға 5 ақпан күні сағат 18:30 шамасында Би-Боранбай көшесінде болды. 20 жастағы жүргізуші белгіленбеген жерде жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен.

Жол апатына патрульдік полиция тобы дереу жетті. 34 жастағы Семей тұрғынын медициналық қызметкерлер қарап, кейін үйіне жіберген.

Абай облысының полиция департаменті оқиғаға байланысты түсініктеме беріп, жол ережесін сақтау қажеттігін ескертті:

«Тексеру нәтижесі бойынша, жолдан өту ережесін бұзғаны үшін жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Полиция еске салады: бір секунд асығыстық жарақатқа немесе кейде трагедияға әкелуі мүмкін. Өзіңізді қорғаңыз және жол қозғалысы ережесін қатаң сақтаңыз», – деп хабарлады ведомство.