Экология министрі қазақстандықтарды суды үнемдеуге шақырды

Бүгін елде Су шаруашылығы қызметкерлері күні

Экология министрі қазақстандықтарды суды үнемдеуге шақырды
Фото: ашық дерек көздерінен

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Бұл салада өзінің білімі мен тәжірибесін, кәсібіне деген құрметін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан отбасылық еңбек әулеті көптеп табылады. Сала ардагерлері мен мамандарға адал еңбектері үшін ризашылық білдіргім келеді», - деп жазды М. Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Ол мемлекет су шаруашылығын дамытуға баса назар аударатынын айтты.

«Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік бағдарлама әзірленіп, маңызды міндеттер іске асырылуда. Барша сала қызметкерлеріне зор денсаулық, шаңырақтарына береке, жұмыстарына табыс тілеймін! Қазақстандықтарды суды үнемдеуге шақырамын!», - деді министр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.