Хабиб Нурмагомедов спортпен қоштасуы мүмкін – бапкер

Спортшы бапкерлікпен айналысуды жоспарлаған

Хабиб Нурмагомедов спортпен қоштасуы мүмкін – бапкер

Ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедовтің бапкері Завьер Мендес оның үлкен спорттан кетуі мүмкін екенін мәлімдеді. Жуырда спортшының әкесі Абдулманап Нурмагомедов қайтыс болған еді.

MMA on SiriusXM тілшісіне берген сұхбатында Мендес Хабибтің үлкен спорттан кетіп, бапкерлікпен айналысуды жоспарлап жүргенін айтты.

«Ол қандай шешім қабылдаса да, мен онымен біргемін. Оған қазір менің қолдауым қажет. Егер ол төбелескісі келсе, мен оның жанынан табыламын, егер спортты тастағысы келсе,онда да Хабибпен біргемін. Ол әкесінің ізін жалғағысы келеді, өзі де тәп-тәуір бапкер. Соңғы 4-5 жылдан бері жас спортшыларды жаттықтырып келеді», - деді Мендес.

Еске салайық, Абдулманап Нурмагомедов 3 шілдеде қайтыс болды. Ол 25 сәуірден бастап ауруханада жатты. Алдымен оған пневмония деген диагноз қойылса, кейін коронавирус жұқтырғаны анықталды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.