$ 505.17  599.54  6.59
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шавкат Рахмонов бір жылдай жекпе-жекке шықпай ма: UFC мәлімдеме жасады

Ол рейтингте 2-орында тұр

Шавкат Рахмонов бір жылдай жекпе-жекке шықпай ма: UFC мәлімдеме жасады
Фото: @shavkatrakhmonov94

UFC ұйымы қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың жаңа жарақатына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

UFC-дің ресми Telegram-арнасы жағдайға қатысты пікір білдіріп, спортшыға тезірек сауығып кетуін тіледі.

«Шавкат Рахмонов жарақатына байланысты октагонға оралуы кейінге қалдырылатынын хабарлады. Шавкатқа тезірек қалпына келуін тілейміз», – делінген ұйым хабарламасында.

Осыған дейін ұзақ уақыт бойы жекпе-жекке шықпаған спортшының кезекті жарақат алғаны белгілі болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оның октагонға оралуы шамамен бір жылға жуық уақытқа кейінге қалдырылуы мүмкін.

Кейінірек Рахмоновтың өзі денсаулығында қиындықтар бар екенін растап, ұзақ мерзімді оңалтудан өту қажеттігін айтты.

Қазіргі уақытта қазақстандық спортшы UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесі (77,1 келіге дейін) рейтингінде екінші орында тұр. Оның алдында тек Ислам Махачев пен Джек Делла Маддалена – дивизионның қазіргі және бұрынғы чемпиондары ғана бар.