$ 501.02  597.27  6.59
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда көші-қон тәртібін бұзған ондаған шетелдік жауапқа тартылды

Үш күндік рейд барысында 21 адам елден шығарылып, 140-тан астам заңбұзушылық анықталды

Алматыда көші-қон тәртібін бұзған ондаған шетелдік жауапқа тартылды
Фото: istockphoto.com

Алматының Алмалы ауданында жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шара нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзған 21 шетел азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үш күнге созылған тексеру барысында полиция қызметкерлері көші-қон саласына қатысты 141 заңбұзушылықты тіркеді. Нәтижесінде 21 шетелдік азамат елден шығарылып, тағы 25 адам жеке басын анықтау және әрі қарайғы тексеру үшін қабылдау-тарату орындарына жеткізілді.

Тексеру кезінде шетел азаматтарының елде болу тәртібін сақтамауы, заңсыз еңбек қызметімен айналысуы, сондай-ақ оларды қабылдаған тараптың өз міндеттерін орындамауы деректері анықталған. Бұған қоса, тіркеусіз және құжатсыз тұру фактілері де назарға ілікті.

Атап айтқанда, тиісті рұқсатсыз жұмыс істеген шетелдіктердің тобы анықталып, заң аясында жауапкершілікке тартылды. Олардың жеке басы толық анықталғаннан кейін Қазақстан аумағынан шығарылды. Қазіргі уақытта бұл азаматтарды заңсыз жұмысқа тартқан жұмыс берушілерге қатысты да құқықтық шара қолдану мәселесі қарастырылып жатыр.

Сонымен қатар рейд аясында алимент төлеуден жалтарып жүрген бірқатар азаматтар да анықталды.