$ 509.94  593.88  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандық блогер Уилл Смитке шапан жапты

Дастан Мұхамедрахым Дубайдағы шарада Голливуд жұлдызын қазақ дәстүрімен құрметтеді

Қазақстандық блогер Уилл Смитке шапан жапты
Фото: instagram.com/bydastann/reels

Қазақстандық саяхатшы әрі блогер Дастан Мұхамедрахым америкалық актер Уилл Смитке ұлттық шапан жапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Блогер Дастан әлеуметтік желідегі парақшасында киножұлдызбен Дубайда өткен халықаралық іс-шара барысында жүздесті. Аталған кешті Instagram ұйымдастырған. Оған әлемге әйгілі блогерлер мен қоғам қайраткерлері арнайы шақырылған.

Голливуд жұлдызы өнер көрсетер алдында Дастан шапанын дайындап, актерге сыйлады. 

«Уилл Смит бес минуттан кейін сахнаға шығады. Алдыңғы қатарға отырып, шапанды дайындап отырмын. Оны кигізуге тырысамын. Мен үшін дұға етіңіздер», – деген еді блогер.

Концерт аяқталған соң Дастан сахнаға көтеріліп, Уилл Смиттің иығына қазақтың дәстүрлі шапанын жапқан. Ол бұл әсерлі сәттерді оқырмандарымен әлеуметтік желі арқылы бөлісті.

«Елестетіп көріңізші, Уилл Смитке мүлдем күтпеген жерден шапан жаптым. Басқа ешкімнің онымен суретке түсуге уақыты болмады, тек мен ғана үлгердім», – деп бөлісті ол.

Бұл оқиға әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, қазақстандықтар блогердің батылдығы мен ұлттық құндылықты әлемге танытқанына ризашылық білдірді.

Серіктес жаңалықтары