$ 512.83  600.58  6.36
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Мемлекеттік ұйымның қызметкері емес»: Алатау әкімдігі дәрігердің сынына жауап берді

Олар қаланың тұрғын үй қоры енді дамып жатыр дейді

«Мемлекеттік ұйымның қызметкері емес»: Алатау әкімдігі дәрігердің сынына жауап берді
Фото: freepik.com

Алатау қаласының ТКШ бөлімі қалаға дәрігер болып жұмысқа барған жас маманға әкімдік берген үйдің неге ескі екенін түсіндіруге тырысты, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Тұрғын үй мәселесінің эмоция тудыратынын түсінеміз. Алатау қаласы Жетіген шағын ауданында бастапқыда ұсынылған пәтерде жөндеу жұмыстары жүргізілген. Алайда өтініш беруші бұл нұсқадан қабаты мен орналасуына байланысты бас тартты. Балама ретінде бұрын босатылған, негізгі ұсыныс болып саналмайтын басқа тұрғын үй нұсқасы көрсетілді. Балансқа алынған үйлер 1970-жылдардағы құрылыс нысандары болып және кезекте тұрған азаматтардың мүддесі үшін оларды кезең-кезеңімен жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр», - деп хабарлады ТКШ бөлімі.

Олардың айтуынша, бейнежазба авторы қазір Жетіген шағын ауданындағы мемлекеттік медициналық ұйымның қызметкері емес. Алатау қаласы даму жолының бастапқы кезеңінде тұр, тұрғын үй қорын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр, дейді әкімдіктегілер. 

Серіктес жаңалықтары