$ 508.91  594.36  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Айына 200 млн теңге зейнетақы алатын адамның экс-президент екені белгілі болды

Ол - АҚШ-тың экс-президенті Джо Байден

Айына 200 млн теңге зейнетақы алатын адамның экс-президент екені белгілі болды
Фото: Elizabeth Frantz / Reuetrs

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байденге Ақ үйді басқарған экс-президенттер арасындағы ең жоғары мемлекеттік зейнетақы тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы New York Post газеті салық төлеушілер ұлттық одағы қоры вице-президенті Демиан Брэдиге сілтеме жасап хабарлады.

Басылым мәліметінше, Джо Байденнің ұзақ жылдарға созылған саяси мансабы оған АҚШ тарихындағы барлық экс-президент арасында салық төлеушілер қаржыландыратын ең ірі зейнетақымен қызметтен кетуге мүмкіндік берген. Оның жылдық зейнетақысы 417 мың доллар, бұл президент болған кездегі жалақысынан 17 мың долларға артық.

Аталған сома АҚШ-тың тағы бір бұрынғы президенті Барак Обаманың зейнетақысынан шамамен екі есе көп екен.

Демиан Брэди Байденнің бір түрдегі «заңдағы олқылықты» пайдаланғанын айтады. Себебі ол әр жылдары сенатор, вице-президент және президент қызметтерін атқарғандықтан, бірден бірнеше зейнетақы қорынан төлем алады.

Серіктес жаңалықтары