Астана ауруханасындағы дау: сәби емдеу кезінде күйіп қалған (ВИДЕО)
Бала жансақтау бөлімінде ем қабылдаған
Әлеуметтік желілерде Астанадағы ауруханада ем қабылдау кезінде 9 айлық сәби күйік алғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Баланың анасының айтуынша, қызы пневмония диагнозымен №3 қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Нәресте жансақтау бөлімінде ем қабылдаған. Әйел медициналық қызметкерлердің салғырттығы салдарынан баланың аяғы күйіп қалғанын мәлімдеді.
Анасы медициналық қауіпсіздік талаптары сақталмағанын, сәбидің жағдайына тиісті бақылау болмағанын айтады. Ол ресми тексеру жүргізіп, кінәлілерді тәртіптік және өзге де жауапкершілікке тартуды талап етіп жатыр.
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі редакцияға берген түсініктемесінде бұл дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.