$ 508.91  594.36  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Солтүстік Қазақстандағы соңғы ҰОС ардагері қайтыс болды

Ол 99 жасқа толар еді

Солтүстік Қазақстандағы соңғы ҰОС ардагері қайтыс болды
Фото: gov.kz

Бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері Федор Васильевич Щеглов өмірден озды. 99 жасқа толуына небәрі бірнеше күн қалған еді. Ол өңірдегі соңғы ардагер болатын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Федор Васильевичтің өмірі – төзімділіктің, адалдықтың және Отанға шексіз сүйіспеншіліктің айқын үлгісі. Ол әскери жолын 17 жасында бастап, 371-ші атқыштар дивизиясының құрамында ауыр жылдарды өткерді. Соғыстан кейін құрылыс саласында еңбек етіп, бейбіт заманда да елге адал қызметін жалғастырды.


«Жыл сайын мен Федор Васильевичке барып тұратынмын. Оның әңгімелері - даналыққа, Отанға деген шексіз сүйіспеншілікке толы еді. Сол естеліктер әрдайым жүрегімізде сақталады.
Жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Федор Васильевичтің ерлігі, еңбегі және жарқын бейнесі солтүстік қазақстандықтардың жадында мәңгі сақталады», - деп жазды СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

 

Серіктес жаңалықтары