$ 505.53  593.44  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы мен тағы жеті қалада ауаның ластану деңгейі артады

Бұл қалаларда атмосферада зиянды заттар жиналады

Алматы мен тағы жеті қалада ауаның ластану деңгейі артады
Фото: © freepik.com

4 қаңтар, жексенбі күні Қазақстанның бірқатар қаласында ауа сапасы нашарлайды. «Қазгидромет» синоптиктері атмосферада зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. .

Қай қалаларда ауа сапасы төмендейді

Метеорологиялық қызметтің мәліметінше, смог пен ауаның ластануы келесі қалаларда тіркелуі мүмкін:

  • Көкшетау
  • Павлодар
  • Өскемен
  • Семей
  • Риддер
  • Атырау
  • Ақтөбе
  • Алматы.

Бұл өңірлерде ауа құрамындағы зиянды қоспалардың мөлшері уақытша артуы ықтимал.

Қолайсыз метеожағдайдың пайда болу себептері

Синоптиктердің түсіндіруінше, қолайсыз метеожағдайлар штиль, әлсіз жел және температуралық инверсиямен байланысты. Мұндай кезде ластаушы заттар атмосфераның төменгі қабатында жиналып, таралмай қалады. Соның салдарынан қала үстін смог басуы мүмкін.

Тұрғындарға қандай сақтық шаралары ұсынылады

Мамандар тұрғындарға, әсіресе тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары бар адамдарға, жүрек-қан тамырлары ауруымен есепте тұрған азаматтарға ашық ауада ұзақ болмауға, мүмкіндігінше серуенді қысқартуға кеңес береді. Қажет болған жағдайда дәрі-дәрмекті өзімен бірге алып жүру ұсынылады.

Серіктес жаңалықтары