$ 512.83  600.58  6.36
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Air Astana ауа райына байланысты рейстер кешігетінін ескертті

Компания бұған дейін түнгі рейстердің кешіктірілгенін хабарлаған болатын

Air Astana ауа райына байланысты рейстер кешігетінін ескертті
Фото: Астана халықаралық әуежайы

4 қаңтар күні Air Astana әуе компаниясы бірқатар рейстің кешіктірілгенін хабарлады. Авиатасымалдаушының мәліметінше, ұшулар кестесіне енгізілген өзгерістер қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Рейстер не себепті кешіктірілді

Компанияның түсіндіруінше, қазіргі таңда Алматыдан және өзге қалалардан ұшатын рейстерде кідірістер сақталып отыр. Бұған Астанадағы ауа райының күрт нашарлауы әсер еткен. Атап айтқанда, тұман мен көрінудің 150 метрден төмендеуі әуе қозғалысының қалыпты орындалуына кедергі келтірген.

Бұл жағдай ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген уақытша шектеулерге алып келген.

Түнгі рейстерге қатысты шектеулер

Air Astana бұған дейін 3–4 қаңтар күндері Алматыдан ұшатын түнгі рейстердің кешіктірілгенін хабарлаған болатын. Аталған рейстер Airbus A320neo әуе кемелерімен орындалуға тиіс еді. Алайда күрделі метеожағдайға байланысты ұшулар уақытша шектелді.

Әуе компаниясы қандай шара қабылдады

Авиатасымалдаушы ұшу кестесін мүмкіндігінше тез қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараны қолға алғанын мәлімдеді. Соның ішінде FlyArystan резервтік әуе кемесі тартылған.

Компания жолаушыларға әуежайға шықпас бұрын рейс мәртебесін ресми сайттан тексеруге кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары