29.12.2025, 11:51
Жаңалықтар
Никол Пашинянның барабан соғып, бидің түбін түсірген видеосы тарады
Кейбір дереккөз Армения премьер-министрі үкіметтің Жаңа жылдық кешінде жүр деп топшылаған
Фото: видеодан скриншот
Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян жеке парақшасына бірнеше көңілді видео жүктеген, деп жазады Azattyq Rýhy.
Премьер-министр жазбасында өзінің өлеңі әнге айналғанын атап өтіп, оны «Шынайы Армения» тұжырымдамасымен байланыстырған.
Өлең Отан мен мемлекет, еңбек пен жауапкершілік, адам мен Арменияның ажырамас байланысы, сондай-ақ үміт, махаббат пен мемлекеттің болашағы туралы екенін байқауға болады.
Сондай-ақ Армения премьер-министрі жиналған қонақтармен билеп жүргенін жариялаған. Пашинянның бұл әрекетіне өзге елдің азаматтары да таң қалып, пікірлерін жазған.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
