$ 504.6  594.27  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Флоридадағы кездесу: Трамп пен Зеленский не жайлы сөйлесті

Трамп Путин де, Зеленский де келісімге келгісі келеді дегенге сенетінін айтты

Флоридадағы кездесу: Трамп пен Зеленский не жайлы сөйлесті
Фото: AP Photo

Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясында АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің 2025 жылдағы төртінші кездесуі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Тараптар Украинадағы қақтығысты реттеуге арналған жаңартылған бейбіт жоспарды талқылап жатыр. Кездесуге дейін Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Кездесу басында Трамп Зеленскийді өз резиденциясының кіреберісінде қарсы алып, екеуі бірге суретке түсті.

Трамп Путин де, Зеленский де келісімге келгісі келеді дегенге сенетінін айтты.

«Менің ойымша, екеуі де бейбітшілікке ниетті», -деді ол.

Сондай-ақ тараптар арасында қауіпсіздік кепілдіктері жөнінде келісім жасалатынын атап өтті.

«Бүгін жақсы кездесу өтеді деп ойлаймын», - деді АҚШ президенті.

Кездесу қорытындысы бойынша Трамп Владимир Путинге қайта қоңырау шалатынын мәлімдеді және Ресей АҚШ-тың делдалдығын бағалайтынын айтты.

Зеленскийдің айтуынша, кездесуде аумақтық ымыралар мәселесі де талқыланады. Трамп келісімге қатысты нақты мерзімдер жоқ екенін айтты.

«Менің дедлайным бұл соғысты тоқтату», - деді ол.

Сонымен қатар Украина үшін экономикалық тиімділіктер қарастырылатынын, елді ауқымды қалпына келтіру күтіп тұрғанын және оның айтарлықтай ресурстары бар екенін еске салды.

Трамптың сөзінше, келіссөздер қазір финалдық кезеңде.

«Бұл қақтығыс не аяқталады, не өте ұзаққа созылып, тағы да миллиондаған адам қаза табады. Мұны ешкім қаламайды», - деді ол.

Осыдан кейін екі ел басшысы келіссөздерді жабық форматта жалғастыру үшін залдан шықты.

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты реттеу процесі шешуші кезеңге жеткенін айтты.

 «Меніңше, біз келіссөздердің соңғы сатысында тұрмыз. Әйтпесе бұл қақтығыс ұзаққа созылып, тағы миллиондаған адамның өмірін қияды», - деді ол Зеленскийді Мар-а-Лагода қабылдай отырып.

Бұған дейін Трамп Зеленскийді Мар-а-Лаго резиденциясында қарсы алғаны айтылды. Кездесуде Киев дайындаған 20 тармақтан тұратын бейбіт жоспардың негізгі аспектілері талқылануы тиіс.

Зеленский АҚШ пен Еуропадан қауіпсіздік кепілдіктері, әскери мәселелер, Украинаны қалпына келтіру жоспары және бейбіт келісімді жүзеге асыруға арналған кезең-кезеңімен іс-қимыл жоспары талқыланатынын айтқан.

Зеленскиймен кездесер алдында Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, әңгімені «жақсы әрі өте өнімді» деп бағалады. Ал украин тарапы бұл әңгіме келіссөздер барысына кері әсер етуі мүмкін деп алаңдаушылық білдіргенін Financial Times жазды.

Кездесуден кейін Трамп пен Зеленский еуропалық көшбасшылармен де телефон арқылы сөйлеспек.

Серіктес жаңалықтары