$ 504.6  594.27  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мемлекеттік қызметшілер жаңажылдық корпоративтің орнына спорттық сайыс өткізді

Тартысты өткен ойындар қорытындысы бойынша Өскемен қаласының әкімдігі жеңімпаз атанды

Мемлекеттік қызметшілер жаңажылдық корпоративтің орнына спорттық сайыс өткізді
Фото: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшілер жаңажылдық корпоративтің орнына спорттық сайыстарда бақ сынасты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «ALTAI SPORT FEST-2025» ойындарында өңірдің мемлекеттік қызметшілері өз отбасыларымен бірге түрлі ойындарда бақ сынасты. Атап айтқанда, оған қала, аудан әкімдіктерінің, департаменттер мен басқармалардың қызметкерлері қатысты. Осылайша, олар жаңажылдық корпоративті дастарқан басында емес, спорт алаңында өткізді.

Мемлекеттік қызметшілер «Қаппен жүгіру», «Жастықпен төбелес», «Жұбайын арқалап жүгіру», «Командалық арқан тартыс» және «Қорытынды эстафета» деген бес сын бойынша жарысқа түсті.

«Биыл 11 жастағы ұлыммен келдім. Өзім көпбалалы анамын. Сайыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Жаңа жылды осылай салауатты өмір салтын ұстанып, әріптестеріміздің ортасында көтеріңкі көңіл күймен қарсы алып жатқанымыздың тәрбиелік мәні де өте зор», - деді Зайсан ауданы Дайыр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Әдемі Ешмұханбетова.

Тартысты өткен ойындар қорытындысы бойынша Өскемен қаласының әкімдігі жеңімпаз атанды. Ал Глубокое ауданы әкімдігі екінші орын алса, Зайсан ауданы әкімдігі үздік үштікті түйіндеді. Үздік деп танылғандарға бағалы сыйлықтар берілді.

Серіктес жаңалықтары