29.12.2025, 06:20
Жаңалықтар
Алматы тауларында болған трагедиядан кейін құтқарушылар туристерге үндеу жасады
Егер қар көшкіні қаупі туралы ескерту жарияланса, тауға шығудан бас тарту керек
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Төтенше жағдайлар министрлігі таулы жерлерде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құтқарушылар туристерді мына ережелерді сақтауға шақырады:
- маршрутты зерттеңіз: ұзақтығы, биіктік айырмашылықтары, күрделі жерлері, демалатын орындар;
- 112 қызметіне, туыстарыңызға немесе достарыңызға қайда, қашан баратыныңызды және қай уақытта оралатыныңызды ескертіңіз;
- ауа райы болжамын тексеріңіз – тауда ол күрт өзгеруі мүмкін: боран, қар жауу қаупі бар;
- жергілікті жермен танысыңыз: карта, компас, GPS немесе навигатор алыңыз;
- дене дайындығыңызды пысықтаңыз – әсіресе маршрут күрделі болса, биікке көтерілу қажет болса;
- егер қар көшкіні қаупі туралы ескерту жарияланса, тауға шығудан бас тарту ұсынылады. Жаңадан жауған қалың қар байқалса, сапарды 2–3 күнге шегеріп, қардың отыруын күткен дұрыс.
Есетіңізге сала кетейік, таяуда Алматы тауларында жоғалып кеткен үш адамның мәйіті табылды.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді