26.12.2025, 13:15
Жаңалықтар
Өскеменде домофон есігін ұстаған жас жігітті тоқ соғып, жүрегі тоқтап қалды
Ол ауыр халде ауруханаға жеткізілді
Фото: T.me/Jagdai
Өскемен қаласында подъезд есігінен электр тоғы соғып, жас жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желідегі мәліметке сүйенсек, соққының күшті болғаны соншалық, бірнеше метрге лақтырып жіберген, салдарынан жүрегі тоқтап қалған.
Зардап шеккен азамат шұғыл түрде медициналық мекемеге жатқызылды.
Тұрғындардың айтуынша, домофон орнатылған есік шамамен бір ай бойы тоқ соғып тұрған. Алайда осы уақыт аралығында тиісті шаралар қабылданбаған.
Оқиға туралы ақпарат қала әкімдігіне жолданған. Мамандар тексеру барысында токтың соғуына есіктің үстіне орнатылған прожектор шамы себеп болған. Аталған шам ажыратылып, қауіп жойылды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Көп оқылған
21.09.2026, 16:52
Апалы-сіңлілі екі әйел 2 жыл бойы Астананың сол жағалауында 18 жасқа толмаған қыздарды жезөкшелікке тартып келген (ВИДЕО)
21.09.2026, 10:57
«Арасында 52 ұл, 17 қыз бала бар»: ішкі істер министрлігі Қазақстандағы ата-аналарға шұғыл мәлімдеме таратты (ВИДЕО)
21.09.2026, 13:08
Машинист байқап қалған: теміржол маңында жүрген төрт жасар бүлдіршіннің ата-анасы табылды