Ақтөбеде Qymyz shop атты интернет-дүкен есірткі сатып келген
10 кг-нан астам психотроптық заттар тәркіленді
Ақтөбе облысының арнайы прокурорларымен интернет-дүкен (Qymyz shop) арқылы бүкіл ел бойынша психотроптық заттарды сатқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл дерек Ақтөбе облысының полиция Департаментінің қызметкерлерімен өзара іс-қимыл барысында анықталды, дүкеннің жалпы айналымы 50 млн теңгеден астам құрады.
Интернет-есірткі дүкені арнасының қылмыстық схемасы «Telegram» қосымшасындағы «байланыссыз қатысу» нысанында ұйымдастырылған, ал ақша қозғалысы «дропперлердің» банктік карталары арқылы жүзеге асырылған.
«Барлық көрсетілген дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 262, 297, 299-1-баптарымен (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу, есірткі, психотроптық заттарды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.
Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстары мен Астана қаласының аумағында 6 адам анықталып, ұсталды.
10 кг-нан астам психотроптық заттар тәркіленді», – делінген хабарламада.
Тергеу органдарының пәрменді процестік әрекеттерінің нәтижесінде интернет-дүкен толығымен жойылды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.