26.12.2025, 11:56
Жаңалықтар
Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты тасжол жабылды
Республикалық маңызы бар тасжолдар жабылды
Фото: istockphoto.com
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның үш облысында автожолдардағы қозғалыс уақытша шектелді. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, боран, көрінудің нөлге дейін төмендеуі және қар аралас жаңбыр түріндегі жауын-шашын салдарынан енгізілген.
Республикалық маңызы бар автожолдардың үш учаскесінде қозғалыс тоқтатылды:
Абай облысында:
- Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – Ресей Федерациясының шекарасы автожолының Қалбатау ауылы тұсынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі бөлігі.
Шығыс Қазақстан облысында:
- Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – Ресей Федерациясының шекарасы автожолының Абай облысының шекарасынан «Рубеж» бекетіне дейінгі учаскесі.
Жетісу облысында:
- Үшарал – Достық автожолының Көктума кентінен Достық станциясына дейінгі аралығы.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді