Толассыз қар, боран, тұман: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
Синоптиктердің мәліметі белгілі болды
«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 27 желтоқсанда елдің шығысында, 27-29 желтоқсанда батысында, 29 желтоқсанда солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында қар, бұрқасын, мұз, желдің күшеюі күтіледі.
Синоптиктердің болжамынша, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Толассыз қар 27 желтоқсанда шығыс пен оңтүстік-шығыста, 28 желтоқсанда елдің батысында күтіледі. Республика бойынша тұман болады деп болжанып отыр.
Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтарда температураның көтерілуі күтіледі: түнде -10…-18°C, күндіз -0…-8°C. Шығыста түнде -15…-20°C, күндіз -5…-10°C. Оңтүстік өңірлерде түнде 0…+5°C, таулы аудандарда түнде -5…-10°C, күндіз 5…15°C, таулы аймақтарда -4…-1°C болады деп болжанып отыр.