23.12.2025, 14:59
Жаңалықтар
Қазақстанның бірқатар өңірінде тасжолдар жабылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш өңірде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді
Фото: istockphoto.com
Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Қазақстанның үш өңіріндегі бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Шектеу мына республикалық автожол учаскелерінде енгізілді:
Ақмола облысында:
- сағат 13:30-дан бастап «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 30-92 шақырым аралығы (Жібек Жолы бақылау-өткізу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін);
Қарағанды облысында:
- сағат 13:30-дан бастап «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 92-164 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау бақылау-өткізу пунктіне дейін).
Аталған жол учаскелерін ашудың болжамды уақыты – 2025 жылғы 24 желтоқсан, сағат 10:00.
Сондай-ақ Жетісу облысында сағат 15:00-ден бастап «Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктұма ауылынан Достық станциясына дейін) қозғалыс уақытша шектелді.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды