23.12.2025, 14:51
Жаңалықтар
Атырауда әйел адам полицейлердің көмегімен экс-күйеуінен балаларын алып кетті (ВИДЕО)
Ер адам балаларын кездесуге алып, кейін байланысқа шықпай кеткен
Фото: Видеодан скрин
Атырауда әйел адам бұрынғы күйеуін балаларын заңсыз алып кеткені үшін айыптады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлия Мақсұтованың айтуынша, сот шешіміне қарамастан, экс-жұбайы кәмелетке толмаған ортақ балаларын өз бетімен алып кетіп, ұзақ уақыт қайтармаған.
Желідегі мәліметке сүйенсек, сот бойынша балалар анасының қамқорлығында болуы тиіс, ал әкесіне тек белгілі бір уақытта кездесуге рұқсат берілген.
Кезекті жағдайда ер адам балаларын кездесуге алып, кейін байланысқа шықпай кеткен. Полиция іздестіру барысында оны анықтап, алдымен ұлын, кейін қызын анасына қайтарды. Ер адам полиция бөліміне жеткізілді, қазір оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
11.08.2026, 11:17
Ақмола облысының тас жолындағы сұмдық апат: екі адам қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті
11.08.2026, 09:25
Боқтап, полицияға бағынбаған: БҚО-да жас жігіт бір айға жуық уақытын қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
11.08.2026, 16:31
«Жол бермеді» деп жүргізушіні ұрып жыққан: Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО)
11.08.2026, 14:17
5 млн теңге алимент төлемеген: Астана тұрғыны екінші рет сотталды