22.12.2025, 09:59
Жаңалықтар
Алматыда магнитудасы 5 балл болатын жер сілкінісі сезілді
Оқиға түнгі 02:16-да тіркелді
Фото: istockphoto.com
Қазақстандық сейсмологтар Қытай аумағында болған жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институтының Ұлттық деректер орталығы жер сілкінісін 2025 жылғы 22 желтоқсан күні Астана уақытымен 02:16-да тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан. Оның магнитудасы – 5 балл, энергетикалық класы – 11,5.
«Жер сілкінісі Алматы қаласында 2 балл қарқындылығымен сезілді», – делінген хабарламада.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді