$ 517.66  606.49  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда үй иесі қып-қызыл қанға боялған пәтерін клининг шақырып, тазартпақ болған (ВИДЕО)

Тазалық қызметкерлері дереу полицияға хабар берген

Алматыда үй иесі қып-қызыл қанға боялған пәтерін клининг шақырып, тазартпақ болған (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Алматыда пәтер иесі қып-қызыл қанға боялған үйін клининг шақырып, тазартпақ болған. Оқыс оқиға пәтерін жалға бергеннен кейін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желідегі мәліметке сүйенсек, клилинг қызметі пәтердің жағдайын көре сала полиция шақырған, ал құқық қорғау қызметкерлері дереу жедел жәрдемге хабар берген.

Оқиғаға қатысты агенттік тілшісі Алматы қалалық Полиция департаментіне сұрау жолдады.

Құқық қорғау ведомствосы әлеуметтік желіде қан іздері бар пәтерге қатысты видеоның таралуына байланысты мынаны хабарлайды: ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасалды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

«Аталған оқиғаның Алматы қаласының Бостандық ауданындағы пәтерлердің бірінде алдыңғы күні болғаны анықталды. Тұрғын үйде екі әпкелі-сіңлілі алкогольдік ішімдік ішіп отырған. Абайсызда сынған әйнек бөтелкені дұрыс пайдаланбау салдарынан олардың біреуі аяғын кесіп алған. Оқиға орнында қанның көп болуы дәл осы жарақатпен байланысты.

Алдағы уақытта мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында азаматтарға профилактикалық түсіндіру жұмысы жүргізілді. Ақпарат профилактикалық бақылауға алынды.

Алматы қаласының полициясы азаматтарды тексерілмеген ақпаратты таратпауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырады», – делінген Полиция департаментінің агенттік тілшісіне берген пікірінде.

Серіктес жаңалықтары