Қазақстанда тәулігіне 681 мың дана медициналық бетперде өндіріледі
Сондай-ақ, тәулігіне 67 мың литр залалсыздандыру құралдары шығарылады
1 шілдедегі жағдай бойынша елімізде тәулігіне 681 мың дана бетперде өндіріледі. Оның ішінде фармацевтикалық кәсіпорындар 506 мың, тігін кәсіпорындары 174 мың дана өндірді. Қоймаларда 3 мыңнан астам бетперде бар деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Тиісті ақпарат «СҚ-Фармация» ЖШС-не беріліп тұрады. Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өндірілген өнімді ел өңірлеріне бөледі.
Бүгінде дәке және бөзден тігілген бетперделер атқарушы органдармен жасалған шарт негізінде жеткізіледі.
Қосымша өндірісті іске қосу және өндірісті кеңейту нәтижесінде бетперделер өндірісінің көлемі тәулігіне 1 млн. данаға жетіп отыр.
Залалсыздандыру құралдарына келсек, елімізде тәулігіне 67 050 литр залалсыздандыру құралдары шығарылды. Қоймада 325 026 литр, тұтынушыларға көшелер мен үй-жайларды тазалау үшін және дәріхана желілеріне 66 900 литр жөнелтілді.