02.07.2020, 16:43
Жаңалықтар
Енді коронавирустан қаза тапқандар саны аптасына бір рет қана айтылады
ДСМ басшысы бұл қадам нақты статистика шығару үшін керек дейді
Енді Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қаза тапқандардың саны күнде емес, аптасына бір рет жария болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.
«Бұл өте маңызды жағдай. Біз бұрын өлген адамдардың санын күн сайын жариялап отырдық. Бірақ, науқас бір күн бұрын қаза тапса да, біз ол туралы ақпаратты келесі күні алып жатамыз. Сондықтан, біз енді статистиканы бір аптада бір рет жариялау форматына ауысуды жоспарлап отырмыз», - деді Алексей Цой.
Айта кетейік, бұған дейін министр өткен тәулікте коронавирустан 10 адам, пневмонияда дертінен 20 адам көз жұмғанын хабарлаған болатын.
Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді