$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.07.2020, 17:40
Жаңалықтар

Қазақстанның барлық өңірінде коронавируспен ауырған адамдарды емдейтін орын жоқ

Пандемияға байланысты, ел бойынша 33 мыңнан астам төсек-орын ашылған

Қазақстанның барлық өңірінде коронавируспен ауырған адамдарды емдейтін орын жоқ

Қазақстанның барлық өңірінде коронавируспен ауырғандарды жатқызу үшін ауруханалардағы төсек-орындар жетпей жатыр. Тіпті, жаңадан аурухана салған Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында да осындай проблема туындап отыр. Сондықтан, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі бүкіл медициналық ұйымдар жұқпалы аурумен күресуге жұмылдырылады дейді.

«Өңірлердегі бұрынғы төсек-орындардың барлығы толды, әрбір өңірде қосымша төсек-орын тапшылығы тіркеліп тұр. Тіпті, жаңа модульді аурухана салынған қалаларда да төсек-орын тапшылығы бар. Жаңа модульді ауруханалар лық толы», - дейді Алексей Цой. 

Жалпы, оның айтуынша, коронавирус инфекциясымен ауырған адамдарды жатқызу үшін 33 933 төсек-орын ашылған. Оның ішінде, 14 006 төсек-орын инфекциялық, 19 927 орын провизорлық болып бөлінген. Бірақ, аймақтар осы төсек-орындарды кемінде тағы да 50% арттыруы керек, деп ескертті Цой.

Серіктес жаңалықтары