$ 508.3  592.17  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда жоғалып кеткен 76 жастағы зейнеткер өлі табылды

Ер адам 2 желтоқсанда жоғалып кеткен

Алматыда жоғалып кеткен 76 жастағы зейнеткер өлі табылды
Фото: instagram.com/ volontery_almaty_lider.kz

Алматыда 2 желтоқсанда жоғалып кеткен 76 жастағы зейнеткердің мәйіті табылды. Қайғылы жағдайды еріктілер жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еріктілер ер адамның қазасына қатысты толық ақпарат берген жоқ. 1949 жылы туған Сәбит Қуаевтың 2 желтоқсанда шамамен сағат 10:00-де үйінен шығып кеткені ғана белгілі.

Ерекше белгілері: бойы 160-165 сантиметр, арық денелі, шашы қара, қысқа және қой көзді.

Ол ашық сары ескі тон мен ақ аяқ киім киіп кеткен. Қолында киім салынған сөмкені ұстап жүрген.

Ер адам инсульттан кейінгі бағдарсыз халде болған, оның оң қолы сал болып қалған.

Еске сала кетейік, Ақтөбе облысында жоғалып кеткен оқушы мен ер адамның мәйіті өзеннен табылған болатын. Олар 30 қараша күні үйінен шығып, қайта оралмаған.

«Іздеу шаралары барысында жоғалғандардың зорлық-зомбылық белгілері жоқ денелері өзеннен табылды. Тергеу шаралары жалғасуда, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары