22.11.2025, 02:04
Оқиғалар
Астанада 20 жастағы жігіт тұрақтағы көліктің үстіне шығып, секірді (ВИДЕО)
Полицейлер құқық бұзушыны ұстап, полиция бөліміне жеткізді
Фото: видеодан скриншот
Астанада 20 жастағы мас жігіт Mazda маркалы автокөліктің үстіне секіріп, оған зақым келтірген. Салдарынан көліктің алдыңғы әйнегі сынған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға Қабанбай батыр даңғылындағы автотұрақта болған.
«Полицейлер құқық бұзушыны ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен оған 10 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жаза кесілді», - деп жазылған хабарламада.
Елорда полициясы өзгенің мүлкіне қасақана зиян келтіру жауапкершілікке әкелетінін еске салып, азаматтарды бір-біріне құрметпен қарауға және қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырды.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)
08.10.2026, 21:27
Непал мен Тибетте жоғалған қазақстандықтар туралы тың мәлімет шықты