$ 518.66  597.44  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда жаппай тексеруден кейін екпе салатын 247 кабинет өз еркімен жабылған

Жалпы министрлік 406 кабинетті тексерген

Қазақстанда жаппай тексеруден кейін екпе салатын 247 кабинет өз еркімен жабылған
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстанда қарапайым екпеден кейін бірнеше адамның өлімінен кейін денсаулық сақтау министрлігі жаппай тексеру жүргізіп, 247 кабинет өз еркімен жұмысын тоқтатқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жалпы, министрліктің мониторингтік тобы талаптарды бұзып, лицензиясыз жұмыс істеген 406 кабинетті аралап, тексерген. Олардың арасында рұқсаи қағазы жоқ 247 кабинет өз еркімен жабылған. 

«Санитариялық қағидаларға сәйкес, емшара кабинеттері эпидемиологиялық маңызы жоғары нысандарға жатады және денсаулық сақтау субъектілеріне қойылатын талаптарға сәйкес болуға міндетті», - деп хабарлайды министрлік.

Айта кетейік, биыл жазда Таразда екі ер адам қарапайым екпеден кейін қаза тапқан. Жуырда Екібастұзда 40 жастағы ер адам тізесіне екпе салдырғаннан кейін көз жұмған болатын. 

Серіктес жаңалықтары