$ 519.41  600.85  6.41
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Майқайыңда «құмға сіңіп кеткен» автобус апаты үшін кінәлілер 4 жылға сотталуы мүмкін (ВИДЕО)

Оқиға 2024 жылы 5 қаңтарда болған

Майқайыңда «құмға сіңіп кеткен» автобус апаты үшін кінәлілер 4 жылға сотталуы мүмкін (ВИДЕО)
Фото: ТЖМ

Екібастұздың қалалық сотында 2024 жылдың 5 қаңтарында болған апатқа байланысты сот өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті irbistv.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Прокуратура автобус апатына кінәлі деген тұлғаларды 4 жылға соттауды сұрады. Іс бойынша алты адам, соның ішінде қаза тапқан қызметкерлер жұмыс істеген кәсіпорынның бұрынғы бас директоры да бар.

Жарыссөз кезінде прокурор осы алты адамның кінәсі толық дәлелденгенін айтып, оларды төрт жылға соттауды сұрады.

Естеріңізге салайық, 2024 жылдың қаңтар айында «Майқайың алтын» АҚ шахтасы маңында құтқарушылар мінген автобус шұңқырға құлап кеткен болатын. Олар өрт туралы қоңыраудан кейін шахтаға қарай бара жатқан. Көліктің ішінде үш құтқарушы және бір жүргізуші болған. Көп ұзамай жер астынан екі адамның мәйіті табылды. Ақпан айында құтқару жұмыстары уақытша тоқтап, мамырда қайта жанданды. Қалған екі адамның денесі шілде айында ғана табылған.

Серіктес жаңалықтары