«Майқайыңалтын»-дағы апатқа кінәлі деген күдікпен алты адам қамалды
Полиция оларды уақытша қамау изоляторына жапты
Тоғыз ай бұрын Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын» жерасты кенішінің аумағындағы шұңқырға қызметкерлер мінген автобус құлап, ішіндегі 4 адам қаза тапқан еді. Бүгін полиция қауіпсіздік ережелеріне жауапты адамдарды ұстағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Тау-кен және құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу үшін «Майқайыңалтын» АҚ-ның алты жауапты қызметкері ұсталып, қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр», - деді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, қайғылы оқиғаға байланысты сот шешімі шығып, «Майқайыңалтын» АҚ-ның осы апатқа 100% кінәлі екені дәлелденген.
Айта кетейік, 4 қаңтарда Павлодар облысында «Майқайыңалтын» АҚ аумағында жұмыс істемейтін шахтаның тазарту кеңістігіне төрт құтқарушы мінген автобус құлап кеткен болатын.
Екі адамның денесі бірден табылды. Ақпан айының басында Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті апат қаупіне байланысты қалған екі адамды үздеуін тоқтатқан болатын. Маусым айының соңында іздестіру жұмыстары қайта басталып, жарты жыл өткенде, 19 шілде күні үшінші марқұмның – Айдос Шаймерденнің денесі, арада апта өткенде төртінші жолаушының денесі табылды.