14.11.2025, 11:40
Оқиғалар
Apple өнімін желі қолданушылары жыртық шұлыққа теңеп жатыр
Аксессуардың бағасы 150 мың теңгеден жоғары
Фото: Apple
Apple компаниясы iPhone смартфондарына арналған жаңа аксессуар - iPhone Pocket қалтасын таныстырып, желі қолданушыларының күлкісіне қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап.
Көпшілік қалташа бағасының тым қымбат екенін айтып, оны "230 долларлық жыртық шұлық" деп атаған. Кейбірі Apple не шығарса да, адамдар оны сатып алуға дайын екенін айтып сынап жатыр.
Apple баспасөз қызметінің мәліметінше, аксессуар жапондық сән бренді Issey Miyake-пен бірлесіп жасалған шектеулі серияға жатады. Өнім идеясы «қосымша қалта жасау» тұжырымдамасына негізделген. Қысқа баулы нұсқасы сегіз түсте, ұзын баулы нұсқасы үш түсте шығарылды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді