$ 524.32  609.05  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай облысында 19 жастағы жігітті ұстау үшін «Арланның» жауынгерлері тартылған (ВИДЕО)

Ол ірі көлемдегі есірткімен қолға түсті

Абай облысында 19 жастағы жігітті ұстау үшін «Арланның» жауынгерлері тартылған (ВИДЕО)
Фото: Абай облысының ПД

Абай облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына Семей қаласының 19 жастағы тұрғынын аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтады деген күдікпен қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күдіктіні ұстау үшін «Арлан» арнайы бөлімшесінің жауынгерлерін тартуға тура келген.

«Жеке тінту кезінде оның жанынан күйік іздері бар металл зат, оқшаулағыш қара лентамен оралған ақ түсті ұнтақ зат салынған 19 полимерлік пакет, сондай-ақ қолғаптар мен кілттер анықталып, тәркіленді. Ал, күдіктінің жалға алған пәтерін тінту барысында полицейлер ақ лентамен оралған 101 полимерлік пакетті, қара және ақ лентамен оралған тағы 66 осындай пакетті, «Samsung A12» маркалы телефон мен қолғаптарды тәркіледі. Тәркіленген барлық зат сот-химиялық сараптамадан өтеді», - деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.

Медициналық куәландыру күдіктінің каннабиноидтарды қолданғанын растады. Тергеу кезінде ол 2025 жылғы сәуір айынан бері есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкеннің курьері болып жұмыс істегенін айтқан. Кураторының нұсқауымен Павлодар қаласындағы жасырын орыннан 300 грамм «мефедрон» психотроптық затын алып, оны Семей қаласына жеткізіп, бөліп-орап, жасырын орындау тәсілімен «қоймалар» жасаған.

Серіктес жаңалықтары