Новости спорта, футбол, КПЛ

Қуандық Шамахайұлының өліміне қатысты ресми мәлімдеме

Белгілі журналист бүгін түнде ауруханада көз жұмды

Қуандық Шамахайұлының өліміне қатысты ресми мәлімдеме
Фото: ашық дерек көздерінен

Белгілі журналист Қуандық Шамахайұлының өліміне қатысты Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ресми мәлімдеме жасады.

«Науқас Шамахай Куандық, 1960 жылы туған. 23 маусымда жедел жәрдем қызметі арқылы  COVID-19 деген күдікпен ауыр халде түсті. Осы уақыттан бастап ол №1 көпсалалы қалалық ауруханасына жатқызылды.

Диагноз қойылды: ауыр дәрежедегі анықталмаған этиологияның екі жақты полисегменталды пневмониясы. Емдеу диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес жүргізілді. Емдеу кезінде науқастың жағдайы бірнеше рет нашарлады. 29 маусымда жүрегі тоқтап қалды, реанимация жүргізілсе де, науқас қайтыс болды. Өлімнің себептері бойынша тергеу жүргізілуде, нәтижесін туыстарына хабарлайды», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: «Қастандық деп күмәнданамын». Белгілі журналист Қуандық Шамахайұлы ауруханада көз жұмды

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы марқұмның отбасына көніл айтады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.