29.06.2020, 11:44
Оқиғалар
Тобыл өзенінен әйел адамның мәйіті табылды
Оны соңғы рет өзен жағасында жүргенін көрген
Қостанайдан үш шақырым қашықтықта Тобыл өзенінен 1971 жылы туған әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Қостанай облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.
49 жастағы әйел 27 маусымда түнгі он жарымдар шамасында өзен жағасында жоғалып кеткен болатын. Құтқарушылар оның денесін 28 маусымда тапты.
«Сүңгуірлер оқиға болған жерден 1,5 шақырым төмен қарай іздеу кезінде әйелдің мәйітін тауып, жағаға алып шықты және полицияға тапсырды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген аталған хабарламада.
Көп оқылған
27.11.2026, 11:35
Бес баланың әкесі: «Атыраулық хакер» жігіт кім және ол не үшін жазаланды
27.11.2026, 13:54
Екі жасар баласына былапыт сөз айтқызып, видео түсірген ақтөбелік әйелдің үйіне полиция келді
27.11.2026, 09:51
«Атыраулық хакер» атанған жігітке сот үкімі шықты
27.11.2026, 12:30
Алматыдағы бес адамның өлімі: алапат өрттен бірнеше минут бұрын үйге кірген бейтаныс әйелдің видеосы таралды
