ШұғылҚазақстанда маусым айында пневмониядан 628 адам қайтыс болды

«Қастандық деп күмәнданамын». Белгілі журналист Қуандық Шамахайұлы ауруханада көз жұмды

Қоғам белсендісі кей мәселелерге қатысты өткір пікір білдіретін

Белгілі журналист, қоғам белсендісі Қуанық Шамахайұлы қайтыс болды, деп жазды жұбайы Айша Тұрмағанбетова өзінің Facebook-парақшасында.

Ол бір сағат бұрын ғана, таңғы 9-дар шамасында әлеуметтік желіде «Қуандықты өлтіріпті» деген жазба қалдырды.

Ал, Шамахайұлы қайтыс боларынан шамамен, 6 сағаттай бұрын өзіне қастандық жасалуы мүмкін екенін айтып, Facebook-те пост жазған. Ол Нұр-Сұлтан қаласындағы №1 ауруханада коронавирустан емделіп жатқанын, түн ортасында дәрігерлер құжатқа қол қойдырып, дәрі ішкізгенін жеткізген.

Желіде қоғам белсендісін туыстары да жоқтап, дәрігерлерді айыптап жазба қалдырған.

Қуандық Шамахайұлының өліміне қатысты деректі ресми органдар әлі растаған жоқ. 

Айта кетейік, Қуандық Шамахайұлы – Моңғолияда туып-өскен, Ұлан-Батырдағы Моңғолия мемлекеттік университетінде журналистік жоғары білім алған.

Қуандық Шамахайұлы – ҚР мәдениет қайраткері, филология ғылымының кандидаты, әдебиеттану доценті. 1993 жылы Мадридтегі Халықаралық журналистер ұйымына мүшелікке өтіп, БҰҰ мен ЮНЕСКО мойындаған «халықаралық журналист» деген арнайы мәртебеге ие болған. 2001 жылы АҚШ мемлекеттік департаментінің шақыруымен Вашингтонда, Рестонда, Арлингтонда, Нью-Орлеанда, Колумбия-Миссуриде, Атлантада, Нью-Йоркте болып, бірнеше жетекші университет мамандарымен тәжірибе алмасқан және Бүкіләлемдік баспасөз бостандығы комитетінде тағылымдамадан өтіп, білім жетілдірген.

Ол журналистика ғылымының теориялық мәселелерін қаузаған 10 кітаптың, ғылыми-танымдық, публицистикалық мақалалардың, 100-ден астам сықақ әңгімелердің, әдеби-көркем аудармалар мен сын зерттеулердің авторы.

1994 жылдан бері еліміздің жетекші университеттерінде журналистика, мәдениеттану, қоғаммен байланыс, этика, әдебиет теориясы, аударма ісінің теориясы, әлем әдебиеті салалары бойынша дәріс беріп келген.

Сұхбат
Юрий Ким адамдарды жаппай егу нәтижесінде індет 2023 жылы тоқтауы мүмкін дегенді айтты
Бүгінге дейін облыста COVID-19  вирусын жұқтырған 613 адам тіркелді
Бүгін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары тоқтады