$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.06.2020, 18:24
Оқиғалар

Атырау облыстық ауруханасында  400 орындық инфекциялық стационар ашылады

Бұл туралы бүгін облыстық ауруханада өткен  пресс-тур барысында белгілі болды

Атырау облыстық ауруханасында  400 орындық инфекциялық стационар ашылады
Фото: ашық дерек көздерінен

Медициналық мекеменің  барлық бөлімі басқа ауруханаларға ауыстырылатын болады, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың айтуынша, бүгінде облыстық ауруханада 120 провизорлық орын, кардиоорталықта  70 провизорлық кереует бар.  Сонымен қатар, Геолог емханасында 100 провизорлық кереует дайындалуда.

«Қалалық және қала маңындағы емханаларда 267 провизорлық орын ашу жоспарлануда. Мұнымен қоса, біз облыстық ауруханадағы бөлімшелерді басқа медициналық мекемелерге өткізіп,  онда 400 орындық инфекциялық стационар  ашуды көздеп отырмыз», - деді Бақытгүл Хаменова.

Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында «пневмония»  диагнозымен 321 науқас тіркелген. Оның 82,3 пайызы  медициналық мекемелерге жатқызылды. 

Серіктес жаңалықтары