$ 524.94  602.79  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Желкесінен сүйреп, жүрегінен атқан»: Түркістан облысындағы атыста 17 жастағы бозбала көз жұмды

Қазір күдікті ізделіп жатыр 

«Желкесінен сүйреп, жүрегінен атқан»: Түркістан облысындағы атыста 17 жастағы бозбала көз жұмды
Фото: @jagdaikz

Түркістан облысында атыс кезінде қаза тапқан 17 жастағы жігіттің анасы болған оқиға туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейін белгілі болғандай, Түлкібас ауданында екі жігіт бір топ адамға оқ жаудырған. Оқиға орнында кәмелетке толмаған бала көз жұмып, үш адам ауруханаға түсті.

«Балам көліктің астына тығылып қалған. Оны желкесінен сүйреп шығарып, жүрек тұсынан атқан деп естідім», - деді марқұмның анасы.

Оныңайтуынша, қара бетперде таққан адамдар BMW көлігінен шығып, бейғам тұрған адамдарға оқ атқан.

Еске салайық, сұмдық оқиға 2 қарашаның түнінде болған. Түркістан облысының полиция департаменті «Адам өлтіру» бабына сай қылмыстық іс қозғады. Бір күдікті ұсталып, тағы бір күдікті қашып кеткен. Ол қазір іздестіріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары