$ 524.94  602.79  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таиландтағы «Әлем аруы» байқауында бикештер сахнадан кетіп қалды

Miss Universe Дүниежүзілік комитеті Таиландқа арнайы делегация жібермек

Таиландтағы «Әлем аруы» байқауында бикештер сахнадан кетіп қалды
Фото: скрин

Бангкокта өтіп жатқан «Miss Universe – 2025» халықаралық сұлулық байқауында дау туды. Іс-шараны ұйымдастырушлардың бірі дөрекі қылық танытқан соң, бірнеше қатысушы залдан тастап, кетіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға марапаттау рәсімі кезінде болған. Азия мен Мұхит аймағы бойынша «Miss Universe» вице-президенті Даче Ицарагрисил Мексикалық Фатима Бошты демеушілік іс-шаралардың біріне қатыспағаны үшін «ақымақ», «тәрбиесіз» деп көпшіліктің көзінше балағаттаған.

Оны естіген Фатима Бош сахнадан кетіп қалды. Оның артынан бірнеше қатысушы, оның ішінде қазіргі «Miss Universe» атағын иеленген даниялық Виктория Кьяр Тейлвиг те еріп кеткен. Ол әріптесіне қолдау бідіріп, Instagram желісіне жазба қалдырды.

Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде тез тарап, миллиондаған қаралым жинады. #StandWithMexico және #JusticeForFatima хэштегтері әлемдік трендке шыққан.

Даче Ицарагрисил кейін Facebook арқылы видеоүндеу жасап, жағдайды түсіндіруге тырысты. Алайда ол сөз соңында «Мексиканы қайта шақырудың қажеті жоқ, ол тым көп сөйлейді» деп қосқан. Бұл пікір қоғамның ашуын одан сайын күшейтті.

«Miss Universe Mexico» ұйымы ресми мәлімдеме жасап, өз өкілін қорғаған.

«Әлемнің қай сахнасында тұрса да, ешбір әйелді қорлауға болмайды. Біз әйелге құрмет, ар-ождан секілді «Miss Universe» құндылықтарын қолдаймыз», - деп жазды ұйым.

Miss Universe Дүниежүзілік комитеті Таиландқа арнайы делегация жіберіп, оқиғаны тергеп, барлық қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін мәлімдеді.

Дау-дамайға қарамастан, 21 қарашада байқаудың финалы өтеді.

Серіктес жаңалықтары