Шығыс Қазақстанда жол апатынан бес адам көз жұмды (ВИДЕО)
ЗИЛ жүк көлігі мен Toyota Estima автокөлігі соқтығысқан
Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан бес адам көз жұмып, біреуі жарақат алды, деп хабарлайы Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Екі көлік соқтығысқан
Трагедия 4 қараша күні Өскемен – Риддер тасжолының 48-ші шақырымында болды. ЗИЛ жүк көлігі мен Toyota Estima автокөлігі соқтығысқан.
«Оқиға салдарынан 5 адам жан тапсырып, 1 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», - деп жазылған хабарламада.
Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаза тапқандардың кім екені және оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Полиция ескерту жасады
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, рұқсат етілген жылдамдықты асырмауға, ауа райы жағдайларын және техникалық қауіпсіздік талаптарын ескеруге шақырды.