Қарағандыда жантүршігерлік жол апатынан 1 адам қайтыс болып, бесеуі жараланды
Газель жүргізушісі «ВАЗ» автокөлігіне жол бермеген

Қарағандыда 15-магистраль мен Методическая көшелерінің қиылысында ірі жол көлік оқиғасы болды деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол апаты салдарынан 1 адам қайтыс болып, 5 адам жарақат алған. Оқиға 30 тамызда сағат 12:00 шамасында болды.
«Алдын ала болжам бойынша, «Газель» автокөлігінің 46 жастағы жүргізушісі 15-магистраль көшесімен келе жатып, қарсы бағытта келе жатқан «ВАЗ» автокөлігіне жол бермей, Методическая көшесінен солға қарай бұрылған. Салдарынан көліктер соқтығысып, «ВАЗ» салонында болған 17 жастағы жолаушы көз жұмды. Сондай-ақ, аталған көліктің жүргізушісі мен төрт жолаушысы жарақат алыпи, ауруханаға жеткізілді», - делінген аталған хабарламада.