$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.10.2019, 09:13
Оқиғалар

Қызылорда облысында екі құрылысшы мерт болды

Олар 12 метрлік биіктіктен құлап кеткен

Қызылорда облысында екі құрылысшы мерт болды
Фото: ашық дереккөзден

Қызылорда облысында қауіпсіздік ережелерін ескермеген екі құрылысшы қаза тапты, деп хабарлайды Астана арнасы. Жазатайым оқиға Әйтеке би ауданында болған. Құрылысшылар 12 метрлік биіктіктен құлап кеткен. Полиция бұл іске қатысты тергеу амалдарын бастады. Біреуі оқиға орнында жан тапсырса, екіншісі ауруханада көз жұмды. «ҚазҚұрылысСервис» компаниясының өкілдері қайтыс болғандардың жақында ғана жұмысқа қабылданғанын хабарлады. Алайда екеуіне де техникалық қауіпсіздік ережелері түбегейлі түсіндірілген деп отыр. Оқиға орнында жан тапсырған құрылысшының жасы жиырма тоғызда.                

Қазір мәдениет үйінің құрылысы тоқтап тұр. Полициямен қатар билік тарапынан арнайы комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Қайтыс болған құрылысшының артында екі баласы қалды. Екіншісі үйленбеген. Әкімдік олардың отбасына көмек көрсететіндерін жеткізді.      

 «Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156 бабы 4 бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда», деді Қызылорда облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлжахан Қайырбергенова.            

Серіктес жаңалықтары