31.10.2019, 10:05
Оқиғалар
«Тамаққа тапсырыс берген жоқ»: Шымкенттегі атыстың қалай болғанын дәмхана иесі айтып берді
Қарулы қақтығыстан 1 адам қаза тауып, төртеуі жараланды
otyrar.kz
Шымкентте атыс болған дәмхана иесі мән-жайды айтып берді деп хабарлады «Астана» телеарнасы. Оның айтуынша, аталған қылмысқа оның отбасының еш қатысы жоқ.
Алдын ала болжам бойынша, жанжал ақша дауынан шыққан. Ал, атыс кезінде оның күйеуі де жарақат алыпты. Қарулы адамдарды көргенде ер адам қорыққанынан екінші қабаттан секіріп кеткен. Салдарынан аяғын ауыртып алыпты.
«Біреу екіншісіне ақша қарыз болған көрінеді, процентпен беріпті. Олар кафеге кірді да, тамаққа тапсырыс берген жоқ. 15 минуттан кейін атыс басталды», - дейді кәсіпкер әйел.

Қарулы қақтығыс Арғынбеков көшесіндегі «Сүндет» дәмханасында болған. Салдарынан 1 адам қаза тауып, төртеуі жараланды, екеуінің жағдайы ауыр.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді