Оралда зейнеткер бірнеше күн бойы мәйітпен бірге тұрған
Қайтыс болған 57 жастағы әйелдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Үй иесі есікті аша алмағандықтан, көршілері төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерін шақырған
Оралда зейнеткер өз пәтерінде үш күн бойы құрбысының мәйітімен бірге қамалып қалған. Үй иесі есікті аша алмағандықтан, көршілері төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерін шақырды, деп хабарлайды Sputniknews.kz деп хабарлайды «Мой город» порталына сілтеме жасап.
78 жастағы зейнеткердің көршілерінің айтуынша, ол пәтерде жалғыз өзі тұрған.
«Ол біздің үйде біраз уақыттан бері тұрады. Бес жыл бұрын жолдасынан айырылды. Қызы Мәскеуде тұрады. Жалғыз қалған қарияға көршілер көмектесетін. Балконға шығып қараймын. Жарық жанып тұрса, бәрі дұрыс деген сөз. Соңғы аптада қарияның үйінде жарық болмады. Үйіне келген коммуналдық қызмет қағаздары да есікте қалып қойғанын көрдік», - дейді көршілерінің бірі.
Қарияға жиі келіп тұратын құрбысы да көптен бері көрінбей кеткен. Бұдан соң көршілері дабыл қаға бастапты. Полицияға барып, құтқарушыларды шақырған.
Есікті ашқан кезде пәтерде зейнеткердің құрбысының мәйіті табылды. Ал әжейдің өзі есікті аша алмаған.