ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте тағы 271 адам індет жұқтырып, 4 адам көз жұмды

Шымкентте дәмханалардың бірінде атыс болды

Алдын ала мәлімет бойынша, екі адам қаза тапқан

Фото: sputniknews.kz

Шымкенттегі дәмханалардың бірінде атыс болды. Алдын ала мәліметке сәйкес, екі адам көз жұмып, төрт адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды жергілікті Sputniknews.kz Otyrar басылымына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, куәгерлер екі адамның оқ атқанын айтқан. Олар қаруды оқиға орнына жақын маңдағы жерге лақтырып кетіпті.  

Оқиға сағат 17:30-да Арғынбеков көшесінде болды. Дәмхана аумағын Абай аудандық полиция бөлімінің тергеушілері мен криминалистері қоршап алды.

«Дәмхана маңында екі көлік: Toyota Camry 70 пен Lexus RX 350 тұрды. Көліктердің бірінде полицейлер теңге және доллармен қомақты ақша тапты», - деп жазады Otyrar.

БАҚ-тың мәліметіне сәйкес, оқиға салдарынан екі адам қаза болған.

Бұдан бөлек жарақан алған 4 адам №1 Шымкент қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген. Төртеуіне де бірнеше жерден оқ тиген.

Ұсталғандар бар.

‡àãðóçêà...
Сұхбат
Бүгінге дейін ауылға көшу акциясына 4000 адамнан өтініш түcкен
Оның айтуынша, аралдан баспана алатындар саны жыл сайын артып келеді
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған